top of page

Құрметті №4 Шұбарқұдық орта мектебінің түлектері

         Әрбір адам өмірге келген соң артында із қалдыруды мақсат тұтады. Сонымен қатар Отан, туған жер алдында парызды өтеу де маңызды. Ал азамат үшін алыста жүрсе де, атамекенге жиі ат басын бұрып, туған жерінің бір қажетіне жарап, адамдарына қолғабыс етіп отыру - парыз. Сіздің тұлға, білімді азамат болып қалыптасуыңызға орта білім берген №4 Шұбарқұдық орта мектебінің де үлесі зор. Ендеше,  облысымыздың әкімі

Б. Сапарбаевтың бастамасымен болған "Туған жерге тағзым" акциясы кезінде игі істерден шет қалмай, еліміздің болашағын, ізбасарларды тәрбиелеп отырған №4 Шұбарқұдық орта мектебіне демеуші ретінде үн қосып, қатысатындығыңызға сенемін.

         Жақсы істің қайыры болары хақ.

 

                                             Мектеп директоры А.Н. Иманғалиева

 

                                             2019 жыл, қыркүйек айы

bottom of page