top of page

Мектеп директоры

Иманғалиева Айгүл Нұрланқызы

       Ақтөбе  облысы, Темір  ауданы, №4  Шұбарқұдық  орта  мектебінің мектеп директоры. Еңбек өтілі – 21,8жыл. Категориясы – жоғары санатты. 2008 жылдан бері мектепті басқарып келеді. Айгүл Нұрланқызы  білім беру саласындағы үздік те үлгілі істеріне байланысты Темір аудандық білімі бөлімінің «Алғыс хатымен», «Қазақстан Республикасы Ақтөбе облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі  «Құрмет грамотасымен», білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығының  «Алғыс хатымен»,  Ақтөбе облысының әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Оқу ісінің орынбасары

 Исатаева Назгүл Бақытқызы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №4 Шұбарқұдық орта мектебінің оқу ісі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 12,7 жыл. Назгүл Бақытқызы- оқыту мен тәрбиелеудің осы заманғы әдіс-тәсілін шебер пайдаланып, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұстаздардың бірі. Аудандық «Үздік оқу орынбасары» І орын, аудандық алғыс хатпен марапатталды. Еңбек жолдарында көптеген ашық сабақтар өткізіп, түрлі семинарларда құнды баяндамалар оқыды.Қазіргі таңда сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін өз сабақтарында тиімді пайдалануда

Мектептің жалпы сипаттамасы

Заңды тұлға атауы:

"№4 Шұбарқұдық орта мектебі» мемлекеттік мекемесі"

Мекен-жайы:

Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі №7 үй, тел: 8 (71346) 2-24-02

Салынған жылы: 1989 жыл

Мемлекеттік лицензия:

№4 Шұбарқұдық орта мектебі» мм жалпы орта білім беру

саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген.

Лицензияның берілген күні 27 маусым 2003, Ақтөбе обл. білім басқармасы Сериясы АА №0009362

E-mail: 4_shubar@mail.ru

Мектептің жалпы мәліметтері:

Құрылыс ауданы: 1764,8

Жалпы аудан: 2769,9

Ғимарат көлемі: 14780

Қосымша бөлмелер ауданы:

спортзал – 151,4,

акт зал – 100,3,

мед. бөлім – 13,2,

асхана – 75,4,

кітапхана – 37,5

Қабаттылығы: 2

Жылу жүйесінің түрі:

орталықтандырылған

Сумен қамтамасыз ету: орталықтандырылған

Мектептің жобалық қуаттылығы: 460 орын

Білім беру тілі: қазақ

Педагог кадрлар саны: 66

Техникалық персонал саны: 19

Мектептің жұмыс уақыты:

Жұмыстың басталуы: 8:00 мин

Жұмыстың аяқталуы: 19:45 мин

Ауысым саны: 2

Мектептің материалдық-техникалық базасы:

Сынып бөлмелерінің саны: 19

ЭЕМ-н жұмыс істеуге арналған орындар саны: 16

Оқу шеберханасы: 1

Жаңа үлгідегі кабинеттер саны: 4

Физика кабинеті – 1,

Химия кабинеті – 1,

Биология кабинеті – 1,

МЛК – 1,

әмбебап интерактивті тақта – 1..

 

Мектеп тарихы
bottom of page