top of page

PISA-ға дайындық ата-аналармен жұмыс

№4 Шұбарқұдық  жалпы орта білім беретін мектеп

PISA-ға  дайындау жөнінде ата аналарға ұсынылған кеңестер.

 (8-9-10 сынып оқушыларының ата аналарына  арналған)

 2021-2022 оқу жылы

 

PISA-ға  дайындау жөнінде ата аналарға ұсынылған кеңестер

 

        Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

-Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;

 

-Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;

 

-Балаңыздың дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

 

- Тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіз. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;

 

- Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тесттік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

 

- Балаңызды мадақтап, өзіне деген сенімін жоғарлатуды ұмытпаңыз;

 

- Балаңыздың ішетін тағамына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;

 

- Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағдай жасаңыз. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалуы қажет;

 

- Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;

 

Есіңізде болсын: Ең бастысы және негізгісі – балаңызды емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу керек.

bottom of page